Балабақшада 4 жастағы қызға жыныстық зорлық-зомбылық жасалған

21 Желтоқсан 2023, 11:45 3064

Өзбекстанның Ташкент облысы Келес қаласында тұратын әйел өзінің деп 2019 жылы туған қызына балабақшада сексуалдық сипаттағы зорлық жасалғанын айтып, шағымданған, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Оның шағына байланысты Бас прокуратурамен бірлесіпатқарылған шаралар бойынша Келес қаласындағы жекеменшік балабақшада төрт жасар балаға жыныстық тиісу фактісіне байланысты Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 129-бабы (он алты жасқа толмаған адамға қатысты әдепсіз әрекеттер) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Белгілі болғандай балабақша ешқандай лицензиясыз жұмыс істеген.

Ташкент облыстық ІІБ ТБ тарапынан алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: