23.08.2024
18:13
1205
Балабақша директоры өз айыппұлдарын төлеу үшін қарамағындағылардан ақша жинаған

Балабақша директоры өз айыппұлдарын төлеу үшін қарамағындағылардан ақша жинаған

Ақмола облысындағы балабақшада балабақша директоры өз айыппұлдарын төлеу үшін қарамағындағылардан қаражат жинаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық прокуратура мәліметінше, бұл тексерулер кезінде анықталған. Бүгінде директор жұмыстан шығарылды.

Жалпы, прокурорлық тексерулердің нәтижелері бойынша облыс балабақшаларындағы әртүрлі салаларда 300-ден астам бұзушылық анықталды. Тіпті қызметкердің бірі жұмыста мас күйде болғаны расталған. Сонымен қатар үш балабақшада 15 қызметкерден жалған медициналық кітапшалар табылды.

Прокуратура кінәлі тұлғалардың бәрі жауапқа тартылғанын алға тартты.