Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева бала сүйгісі келетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнер жұлдызы «7 арнаның» «Жарқыраған жұлдыз» жобасына берген сұхбатында сәбилі болуға дайын екенін жасырмады.
Бала сүю бақыты бұйырса, мен оған дайын екенімді білемін. Алла біледі, менің қолымдағы дүние емес қой, - деді ол.
Сонымен қатар театр мен сахнада өзін дәлелдеп үлгерген Иманбаева кино саласында әлеуетін толыққанды көрсете алмағанын айтты.
Менің әттеген-ай дейтін бір салам – ол кино. Кино әлемінде мен жетер шыңыма шыққан жоқпын, - деді Айгүл Иманбаева.