21.08.2023
09:00
1564
Бала күтімі бойынша төлем ұзақтығы 1,5 жасқа дейін ұзартылды

Бала күтімі бойынша төлем ұзақтығы 1,5 жасқа дейін ұзартылды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бала күтімі бойынша төлем ұзақтығы 1,5 жасқа дейін ұзартылды.

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен 107,2 мың жұмыс істемейтін ата-ана 20,9 млрд теңге сомасына жәрдемақы алды.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 439,6 мың ата-ана 144,8 млрд теңге сомаға табысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды.