01.09.2022
12:52
1701
Бала күтімі үшін төлемақы мерзімі ұзарады

Бала күтімі үшін төлемақы мерзімі ұзарады

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды El.kz.

«Біз 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартамыз. Балалардың ең маңызды шағында – сәби кезінде ата-аналары жанында көбірек болады», - деді Президент.