«Бала болмайды. Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен оқиғасын айтып берді

22 Қаңтар, 10:14 7453

Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева дәрігерлер қойған диагнозы туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесінің сөзінше, дәрігерлер кезінде оған "сәбилі болмайсыз" деген диагноз қойған.

Аянат дүниеге келер алдында дәрігерлер "бала болмайды" деген диагноз қойып берген. Сол кезде жолдасым Егер екеумізге баласыз қол ұстасып жүруді нәсіп еткен болса, маңдайымызға жазған болса, соған көнемін" деді. Сол әңгіменің арқасында емге де, ештеңе де бармай, рухани еммен дүниеге қыз келді. Ал дәрігерлердің өз таңғалады. "Сіздің диагнозбен босана алмайтын едіңіз, бұл қалай болды?" дейді. Ал мен күйеуім айтты деп, еркін жүргенімнің арқасында Алла нәсіп етті. Сол сияқты бұл ситуацияны да еркін жібердім, алда тағы балалы болып қалармыз, - дейді актриса  "Қызықты weekend" бағдарламасында.

Сондай-ақ актриса ел арасында ажырасуға қатысты айтылып жатқан әңгімеге пікір білдірді.

Ол өзі көп көріне бермейді. Шымкентке жұмыстарымен кеткен соң, ерігіп отырған адамдар осындай әңгіме шығарған. Біздің ажырасқан ештеңеміз жоқ, - дейді Жұлдызай Дүйсенбиева.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: