06.02.2023
18:22
1507
Бакуге ұшқан Qaqaq Air рейсі шұғыл түрде Атырауға қонды

Бакуге ұшқан Qaqaq Air рейсі шұғыл түрде Атырауға қонды

Ақтөбеден Бакуге бет алған ұшақ Атырауға шұғыл түрде қондырылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Ішінде 37 жолаушы бар ұшақ 5 ақпан күні Астана уақытымен 19:21-де (Атырау уақытымен 18:21) қонды. Ұшақ жолаушылардың біріне шұғыл медициналық көмек қажет болғандықтан қондырылды. Экипаж алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жақын жердегі әуежайға қону туралы шешім қабылдады. Әуежайға қонғаннан кейін жолаушыны жедел жәрдем алып кетті», - деп хабарлады әуе компаниясы.

Қазіргі уақытта оның өміріне төнген қауіп жоқ.

«Әуе компаниясының экипажы осы рейсте болған кардиолог Гүлшан Мамедоваға көрсеткен көмегі мен кәсібилігі үшін алғысын білдіреді», - деп толықтырды әуе компаниясы.