Бакуде киіз өнерінің майталмандары бас қосқан симпозиумда қазақстандық дизайнердің жұмысы жоғары бағаланды

14 Қараша 2018, 10:24 1803

Әсел Хайрула – қазақтың «күпі киген» ұлттық өнеріне заманауи шекпен жамылдырған саусақпен санарлық этнодизайнерлердің бірі.

Қазақ қызына ғана емес, әлем сәнқойларына киізден көйлек кигізсем деген арманы бар жас шебер, төрт түліктің жүнінен басылып, таза табиғи шикізаттан тігілген киімнің жылуы да, сұлуы да маңызды дейді.

Жуырда Әзірбайжанның Баку қаласында «Түркі әлемінің ортақ тілі – ою-өрнектер» симпозиумы өтті. Онда киіз өнерінің майталмандары бас қосып, сән үлгілері ұсынылған. Айтулы шараға біздің жерлесіміз Әсел Хайрула да қатысты. 22 елден келген қатысушылардың алдында Әсел «Қазіргі киіз өнерінің сән әлеміндегі орны немесе даму қарқыны қандай?» тақырыбында баяндама жасап, өнер майталмандарымен сұхбаттасып, өз кәсібіне байланысты ақыл-кеңестер алған. 

Орталық Азияның түкпір-түкпірінен келген киізден басылған киім дизайнерлерінің сән үлгілерінің көрсетілімдері болды. Мақтануға тұрарлық бір жағдай, бұл көрсетілім Әселдің коллекциясымен ашылыпты. Қарапайым көрермендер де, жалпы осы сала мамандары да жас таланттың жұмысыма жоғары баға берген екен.

Киіз басу өнерімен кәсіби түрде айналыса бастаған жерлесімізбен болған сұхбатты осы жерден оқыңыз

Бөлісу: