Бакуде азық-түлік қауіпсіздігі және жерді тұрақты басқару мәселелері талқылануда

16 Қараша, 15:39 427

2024 жылдың 11-22 қарашасы аралығында Бакуде өтіп жатқан БҰҰ Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының (COP29) 29-шы Тараптар конференциясы аясында Қазақстан елдің климаттық мақсаттарға қол жеткізуге деген ұмтылысын көрсететін ауқымды бағдарламаны ұсынып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ел павильонында түрлі саладағы, соның ішінде азық-түлік қауіпсіздігі және жерді тұрақты басқару мәселелерін қамтитын бірқатар тақырыптық сессиялар жоспарланған.

Климаттың өзгеруіне тиімді бейімделу және шөлейттенумен күресу әртүрлі шараларды біріктіретін кешенді тәсілді қажет етеді. Жер ресурстарын басқару комитеті жерді тұрақты басқаруға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға бағытталған институционалдық шараларды қабылдауда. Комитет Біріккен Ұлттар Ұйымының шөлденумен күрес жөніндегі конвенциясы (UNCCD) сияқты жаһандық бастамаларға қатысады. Халықаралық ұйымдармен бірлесіп бұзылған жерлерді қалпына келтіруге бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.

Бұл шараларды біріктіру тек ағымдағы өзгерістерге бейімделуді ғана емес, сонымен қатар жердің деградациясы мен климаттың өзгеруіне байланысты болашақ тәуекелдердің алдын алуды қамтамасыз етеді», - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ЖРБК төрағасы Мұрат Теміржанов.

COP29-да Қазақстанның мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі және кең түрде көрсету елдің климаттың өзгеруіне қарсы жаһандық күрестегі белсенді ұстанымын және тұрақты дамуға деген ұмтылысын көрсетеді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: