Байлық пен табысқа жетелейтін 21 кеңес

17 Тамыз 2017, 17:20 8366

Қаржыгерден кеңес

Көптеген адамдар қаржы қиыншылығының шырмауынан шыға алмай, айлықтан айлыққа әрең жетіп жүргендері жасырын емес. Осы орайда танымал қаржыгер Том Орли «Күнделікті табыс: бай адамдардың дағдысы» (The Daily Success. Habits of Wealthy Individuals) атты еңбегінде байлық пен табысқа жетудің жолдарын ұсынады.

1. Күн сайын пайдалы әдеттерді бойыңызға сіңіруге тырысыңыз.

2. Ұдайы алдыңызға мақсат қойып отырыңыз.

3. Алғашқы себепті анықтап жүріңіз.

4. Бастаған ісіңізді соңына дейін жеткізіңіз.

5. Аянбай еңбектеніңіз, тіпті одан да көбірек...

6. Адамдармен өзара қарым-қатынасыңызды жақсартыңыз.

7. Аз сөйлеп, көп тыңдаңыз.

8. Пікірлес табыңыз.

9. Жетекші, тәлімгер болатын адам іздеңіз.

10. Үнемдеңіз.

11. Қаржылай жоспар жасап үйреніңіз, шығындарыңызды азайтуға тырысыңыз.

12. Әрдайым өз-өзіңізді жетілдіріңіз.

13. Күнделікті қажет кеңестер оқып отырыңыз.

14. Прогресс жасап, алға ұмтылыңыз.

15. Денсаулығыңызды қадағалаңыз.

16. «Сандық демалыс» жасаңыз, яғни телефон, ғаламторға шектеу жасап үйреніңіз.

17. Оптимист болыңыз.

18. Барлығының өлшемін біліңіз.

19. Өз ойыңызды басқаруды үйреніңіз.

20. Қорқынышыңызбен күресіңіз.

21. Ешқашан үмітіңізді үзбеңіз!

Дана Мәулен
Бөлісу: