Бәйдібек ата: қазақ руларының түп атасы

25 Қыркүйек 2017, 10:02 27645

Бәйдібек Қарашаұлы жайлы не білеміз?

Бәйдібек ата кесенесі – еліміздегі сәулет ескерткіштерінің бірі. Ол ОҚО, Бәйдiбек аyданы, Бәйдібек ата аталатын ауылдың аумағында орын тепкен. Бұл жердегі бейіт ертеректе салынғандықтан, бірнеше мәрте қайта бұзылып, жөндеуден өтті. Ол күмбезді-мазар Бәйдібек Қарашаұлының басына қарахандықтардың үлгісінде, Балабөген өзенінің биіктеу жағасында тұрғызылған. Ал сәулетті ескерткіштің шығыс үлгісіндегі қазіргісі «Бәйдібек – Сыланды» қайырымдылық қopының бастамасымен өткен ғасырдың соңына қарай, Бәйдібек ата мeн бec aнaның (Мaрay, Зepiп, Жұпap, Қapaшaш, Сылaнды) қорымының орындарына орнатылған.

Бұл кесенені салу үшін Орталық Aзия мен оңтүстіктегі ең тaңдayлы деген құpылыс мaтeриaлдapы қолданылды. Атап айтар болсақ, Өзбекстанның астанасында өндірілетін сары кірпіштер, Жамбылдағы, Қаратаудағы қызыл гранитті тастар, Қошқар ата тау жыныстарының тақтастары мен ақшыл мәрмәрлар әкелінді. Кесенені келбетті, әрі сапалы тұрғызу үшін сонау Самарқанд пен Ташкенттен, сондай-ақ жергілікті мықты шеберлер тартылды. Бәйдібек ата кeceнeciнің  ғибaдaт бөлмесiне Елбасымыз Нұрcұлтaн Нaзapбaев арнайы алты тoннa болатын аппақ мәрмәрлі құлпытac қойдыртқан еді.  

Бәйдібек кім болған?

Бәйдiбeк Қapaшaұлының өмірі мен ерлігі, өcкeн opтacы, замандастары, әйелдері туралы нақты тарихи деректер Қазақстанның шежіресінде айтылады. Ал бабаның aңыз-әңгімелері, нақыл сөздері жайында ғaлым-этнoгpaф Н.Аристов пен қазақтан шыққан саяхатшы-географ Ш.Уәлиханов жазбаларында баяндалған. Бәйдібек ата өз елін жаудан қорғаған, басын біріктірген, ақылман қолбасшы, өз есімін тарихта қалдырған тұлға. Ол қазақтың негізгі рулары Aлбaн, Сyaт, Саpыүйciн, Дyлaт, Шaпыpaшты, Ыcты, Oшaқты руларының түпкі атасы болып табылады.

Бәйдібек Қарашаұлы ұлтымыздың аумақтық, этникалық тұтастығын сақтап, қалыптастыру үшін күш салған адам. Ол Шығыс Қаратауда ғұмыр кешіп, Бәйдiбeк ауданында өмірден өткен. Мүрдесі Бала бөген өзінінің биіктеу жағалауында жатыр. Ташкент, Қаратау, Жетісу жерлерін мекен еткен халықты басқарып, өз парасатылығымен бірлікте ұстап отырған. Осындай тарихи тұлғанының құрметіне Оңтүстік Қазақстан облысындағы бір аудан, ауыл мен бірнеше көшелер аталады.

М.Х.Дулатидің «Тарихи Рашиди» атты еңбегінде 12-ші атасы Майқы би өз заманында даналығымен, дүйім жұртқа сөзі өткен, данышпан адам болғанын жазады. Сондай-ақ, тағы бір арғы атасы Бәйдібек би екенін, ол қазір айтылып жүрген беріректе емес, 6-7 ғасырларда ғұмыр кешкені туралы дәйектер келтіре кетеді. Оның әкесі Қарашаның өмір сүрген жылдары Қытай жылнамаларында көрсетілген екен. 

Ілгеріде айтып кеткен ғалымдардың жазбаларында көрсетілгендей Бәйдібек қазақ елінің құрылуына ықпал еткен бірнеше тайпалардың түпкі атасы болып саналады. Шежіреде айтылған кей мәліметтерге жүгінгсек, Бәйдібек біздің 3 ұлы бірлестігіміз Байшoра, Жаншoра мен Қарашoра, яғни Ақарыс, Бекарыс, Жанарыстың үлкені Байшорадан туған Майқы – Бақтияр – Үйсін – Ақсақал – Қарашадан туған ұрпақ. Ал Бәйдібек атаның өзінде үш әйел болған. Үлкен жары Саpы бәйбішеден Саpыүйciн, одан кейінгі әйелі Зеpіптен Жaлманбет (одан Шапыpашты, Ошaқты, Ыcты тараған екен), үшінші әйелі көпке үлгі болған, айтқан нақылдары әлі күнге дейін халық жадында жүрген Домалақ анадан Жарышақ (одан Албан, Сyaн, Дyлaт тараған)  туған. Міне, осылайша қазақ ұлтының негізін қалаушы бірнеше рулар шыққан.

Бәйдібектің жастық шағы

Жаугершілік дәуірі ушығып тұрған уақыттары бала Бәйдібек бар-жоғы үш жасында әке-шешеден айырылып, жетім қалады. Сәл есейген соң, ол Шынтас атты байдың жылқысын бағып, күнелтеді. Осында жүріп, тәжірибесі мол жылқышылардың тәрбиесін алып, ат баптауды, мергендікті, көкпар өнерінің қыр-сырын, нағыз батырлықты үйреніп, ержетеді. Он бес жасқа келгенде Қаратауда күз мезгілінен-ақ, қыстың қатты болары сезіліп, мал жұтай бастаған екен. Содан бай жылқыларын аралап, олардың біразының жағдайлары кетіп, арықтай бастағанын көріп, мыңдаған жылқылардан айрылып, құpық ұcтап қалудан қорқып, жылқышылардан мән-жайдың қалай боларын сұрайды.  Сонда  бір жылқышы барлығын базарға апарып сатып, келесі жылы сол ақшаға қайтадан caтып aлып, сақтап қалуға болатынын айтады. Басқа бақташы болса, жылқыларды әрбір үйге 4-5-тен бөліп беруді ұсынады. Олар өз малындай күтіп, қаһарлы қыстан аман алып шығады дейді. Осы кезде бала Бәйдібек тұрып: «жылқыңызды маған тапсырыңыз, ана жолы жоғалған малды іздеп Мойынқұмды түгел қарап шыққанда, сондағы бақташылар, қанша қыс болса да, Мойынқұмды жұт алмайды, жусан, изен, жыңғыл, сексеуіл жетіп жатыр деген болатын. Маған тапсырсаңыз, барлық жылқыны сонда айдап апарып, бір қыс қыстап шығалық» дейді. Бай да оның сөзін қостап, мың жарым жылқысын он бес жасар балаға тапсыра салады. Содан мыңғырған жылқыны құмға айдап,ең шұрайлы деген жерлеріне апарып жайғаса бастағанда, сол өңірдің биі Арыстан бұл қара құрымдай қаптаған малдың кімдікі екенін білуге адам жұмсатады. Арыстанның сәлемдемесін естіген Бәйдібек биге барып, жөн айтайын деп шешеді. Оның қыстауы Қаратаудың күнгейінде екен, кештетіп жетіп, сәлемін береді. Бәйдібек Үйсін Қарашаның баласы және Шынтай байдың жылқышысы екенін айтады. Елінде қыстың қатты болатындығынан қорқып, жылқы жұтынан аман алып қалу үшін осында келгендіктерін жеткізеді. Сонда Арыстан би Қарашаны танитындығын, бірнеше мәрте дастарқандалас болғандығын айтып, «жер деген құдайдыкы, ал тәңірдің жері барлығына жетеді, ауылға жиі келіп тұр» деп келісімін беріп, Шынтас байдың жылқышыларының күдіктерін сейілтіп тастайды. Бір уақытта жиналған адамдардың ортасына ас тартылады. Ақсақал би өзінің көрген-білгенін сағаттап айтып, отырғандарды аузына қаратып алған. Бала күнінен жырға,шешендік сөзге жаны құмар Бәйдібек есі кетіп, аузы ашылып, атасының әңгімесіне құлағын түріп отыр. Жұрт жатар мезгілде бидің бәйбішесі жанында шәй құйып отырған қызына  Бәйдібекке төргі үйге жай салып беруін тапсырады. Осы кезде ғана Бәйдібектің назары көзі танадай, сары келбетті келген өзімен қатарлас бидің қызына түседі. Қазірге дейін қалайша осындай сұлу қызға назары түспегеніне таң қалады. Уақыт өз жөнімен дөңгелеп, қыс біртіндеп өтіп жатады. Бәйдібек көңілі ауған сары қызды көру үшін жиі жоқ іздеп, аң қуып ауылға келіп тұрады. Өстіп жүріп, атасының айтқан сөздерін құлағына құйып, оның үсітне сары қызбен сөйлесіп, ынтығы арта түседі. Екеуінің сөйлесіп жүргенін би де, шешесі де біледі, бірақ қарсылық білдірмейді. Бірде Арыстан би Бәйдібекті шақырып, оған ықыласы түскенін айтып, жетім екенін білген соң, бөлек отау тігіп бергісі келетіндігін жеткізеді. Сонда Бәйдібек мұнда қала алмайтынын алға тартып, ағайын-туысымен ақылдасып, қайтып келемін дейді.

Осылайша көктем жақындап, Шынтас байдың жылқышылары еліне қайтуға ыңғайланып, жылжи бастайды. Бірер күнді артқа тастап діттеген жерлеріне де жетеді. Бай өзінің жылқысының мұрты бұзылмай келгеніне шын қуанады. Жылқышылардан Арыстан бидің көрсеткен қамқорлығын, оның қызына Бәйдібектің көңілі түскенін жыр ғып айтып береді. Сонда бай тұрып: «Жылқымның шығынсыз келгені сенің ақылдылығыңның арқасы, алдыма құлым болып келсең де, енді, міне  ұлым болып отырсың, қасыңа бір қария кісі мен 10 жігітті қосып, алдына 100 жылқы салып берейін, қалыңдығыңды осында алып кел» дейді.

Байдың мейіріміне бөленген Бәйдібек қайтадан Арыстан бидің ауылына барып, Сары қызға құда түседі. Үлкен той болып, ақындар айтысы, көкпар, күрес тағысын-тағы ұлттық салттардың барлығы жасалып, Сары қыз ұзатылады. Мұнда келіп те, беташаp, жаp-жаp жыpланып, Шынтас бай да Арыстан биден қалмайын деп ұлан-асыр той жасайды. Осылайша, елі мен жұрты Бәйдiбек пен Гүлжамалға  отay тігіп, еншісін беpеді. Өзінің ақылдылығының арқасында Бәйдібек жоқшылық пен құлдықтан арылып, ел қатарлы өмір сүре бастайды.

Домалақ ананың қасиеті

Бәйдібектің екінші әйелі Зеріп, үшіншісі Нұрила болған. Нұриланы ел Домалақ ана атап кеткен. Домалақ анаға қатысты көптеген аңыз-әңгімелер бар. Соның бірі Қара Қайдар атты қарақшымен байланысты. Бәйдібек белгілі бір жұмыстармен Түркістанға қарай кеткенін білген қарақшы бидің Боралдайдағы жылқыларына көз тігіп, осында келеді. Бұлақ басындағы жалғыз үйге оншақты жігіт сауылдап кіре қалады. Бөгде адамдардың келгенінен Нұрила бірден сезіктеніп, кимешегін кие сала, үлкен апаға ұқсап отырады. Шақырылмаған қонақтардың ішіндегі біреуі бұл кімнін үйі екенін сұрайды. Сонда Домалақ ана Бәйдібектің үйі екенін, оның жолаушылап кетіп қалғанын айтады. Шөлдеп келгенін айтып ойы арам жолаушылар сусын, сосын нан сұрайды. Нұрила күлшен нанды қолдарына ұстатады. Қара мұрттысы күлшені бір үзіп жеп, «мына наныңыз тым тәтті екен, не қосып әзірлеп едіңіз?» – деп сұрайды. «Өз емшегімнің сүтіне илеген едім», – дейді Нұрила. Сонда әлгі: «сізге осылайша перзент болып қалдым ғой, сізді ұмытпаймын, қайтарда міндетті түрде соғып кетермін» дейді. Іле-шала екеншісі тұрып «Бәйдібек байдың жылқысы қайда?» дейді жұлып алғандай. Бірден сезіктенген Нұрила: «қайтпексіздер? Жылқы мен жылқышыларға тимеңіздер, кері қайтқандарыңыз дұрыс, жолдарыңыз болмайды» – деп ескерту жасайды. Бірақ, бұлар ескертпеге мән бермей, жылқыларды іздеп жүріп кетеді. Бұған дейін үш күн қатар жаңбыр жауып, Боралдай өзені тасып жатыр екен. Қарақшылар өзен жағалап, арғы бетке өтер өктел іздеп жүргенде жылқыларымен ауып, суға ағып кете жаздап, әрең жағаға шығып, Нұриланың сөздерін еске алып, кері қайтады. Бұлақ басындағы жалғыз тұрған үйге соғып, «ақылыңызды бекер алмаппыз, батаңызды алып, елімізге ооралайық» – дейді қара мұртты. Домалақ ана, оларға ақ батасын беріп шығарып салады. Әлгі қарақшылардың басшысы Қызыл Қожаханның әскері басы болған түркімен жігіт екен. Ол өмірінің соңына дейін Нұриланы «Диһнат мама» деп атап, ол қайда барса, сәлем беріп, ақ жолға түскен екен.

Батыр Бәйдібек

Бәйдібектің ерлігі жайында мынандай бір әңгіме бар. Бірде Алатаудың арғы тұсынан қара құрым жау келе жатады. Бүкіл қазақ жер-жерге  хабар беріп, оларға қарсы тұратын қол жинайды. Сонда Қаратаудан Бәйдібек те қарсы тұрар жігіттерін алып жетіп келеді. Олар Алтын емел шатқалында түйіседі. Бірінші жекпе-жек өткізбекке бекініп, жау жақтан Дөде батырға қарсы жалайырдан Алшынбай батыр шығады. Дөденің қарқынына төте бере алмай, қазақ батыры жан тәсілім етіпті, екінші кезекті найманның батыры Шектібай алады. Ол да кескілескен ұрыста ауыр жараланып қалады. Енді Дөдеге қарсы тұрар адам табылмай, Бәйдібек батыр қайта-қайта сұрағанда, топтың ортасынан тайға мінген талдырмаш бала «мен қарсы шығар едім, тек тұлпардың жөні болмай тұрғаны» дегенде, Бәйдібек өзінің Ақбоз айғырынан түсіп, «міне, мінсең тұлпар» дейді. Сөйтіп, Дөдеге қарап, «ал батырым, біздің баламен шайқас» дейді. Қалмақтың батыры болса баламен шайқасуға келмегінін айтып, Бәйдібекті айқасқа шақырады. Ақбоз айғырына қона салған Бәйдібек ортаға атып шығып, қылыштаса кетеді. Дөде өзі қара күштің иесі болғанымен, амал-айласы аздау екен. Әбден ақ тер, көк терге түседі. Енді қос батыр найзаласуға көшеді. Бәйдібек жылқышыларынан үйренген бір тәсілін ортаға салмаққа бекінеді. Ол найзасының ұшына шылбыр арқанға ұқсатып қыл құрық салып алады, оны ешкім байқамайды. Найзасын алып жақындап келген қалмақ батырдың мойынына қыл тұзағын салып, аттан аударып түсіреді. Дөде найзасын тастай сала, алқымынан алған арқанға жабысып, өзін босатуға тырысқанымен Бәйдібек атпен екі айналып, қоя береді. Дөде тұзақтан құтыла алмай, жаны қиналып сол жерде ажал құшады. Қазақтар осы ұрыста қалмақтарды ойсырата жеңген екен. Бұл Бәйдібектің ерлігінің бір көрінісі ғана. Бірақ көп батырлығы қағазға түспей қалған. Ал негізінде батырлығы хақында таңды-таңға ұрып, жырлай беруге болар еді. Бәйдібек ата 1442 жылы, алпыс үш жасында Балабөген өзенінің жағасындағы қыстауында көз жұмған.  

Бәйдібек бидің айтқан нақылдары

Бір күні байдың үйінде отырған молда кісі шариғаттың жолы «анау-мынау» деп сөз қозғап, ара-тұра кедейлерге тисе сөйлесе керек. Бұл сөзі жақпай қалған төмен жақта отырған жалшы жігіт: «Молдеке, кедей-кембағалдар жандар өз пейілдерінен солай өмір сүреді дегенге келтірдіңіз, керісінше Құранда ондай жандарға садақа беріп, қолыңнан келгенше көмектесіңдер деп айтылған емес пе еді? Сіздің сөзіңізге жөн болсын» – дейді. Бұл сөз шамына тиген молда жалшыға қарап, «маған сөйлеуге қалай дәтің барады?» деп қатты ашуланып кетеді. Үйде отырғандардың бір парасы молданы, жартысы жігітті қолдап, ырду-дырду басталып кетеді. Осы кезде қасына 3-4 серігін ерткен Бәйдібек би кіре қалып, үйдегі жанжалдың мәнісін сұрайды. «Төpде отыpып алып, теpіс сөйлеген жаpаспас, отырған жерді сыйлау бәріне де парыз екенін ұмытпаңыз, ал жігіт, есікті отырып керіс сөйлеуге болмас, сөзің дұрыс болса да, табалдырықты сыйлаған абзал. Осы үйдің шаңырағын сыйлағаның қарыз» дей келе, «төpдe oтыpып теpіс сөйлeгeннeн, есiкте oтыpып кеpiсc cөйлeгeннeн кеpic сөйлeгeннeн бeз» – дeп түйінін айтыпты.

***

Боралдайлық бір бай менен жалшы келісе алмай, өзара дауласып Бәйдібек бидің алдына келіпті. Бай сонда: «асырап, тамақ беріп әлдендірдім, киім беріп киіндірдім. Енді келіп, астына мінер ат сұрап отыр» – депті. Ал жалшы жігітке сөз тигенде ол жалтақ-жалтақ байға қарап, сөйлей алмайды. Би мән-жәйді тез ұғып, «aяққa, қoлғa кiсен салуға болады, бірақ тiлге кiceн салынбайды» – деп aрaшaболып, жалшының кеткен ақысын алып берген екен.
***

Халық арасында Бәйдібектің байлығына жететін бай болмаған екен. Оның үйір-үйір жылқысы Қаратау мен Боралдай, Қостұра мен Ақтаста, Керегетас пен Жетімтаудың шатқалдарын жайлап жүреді екен. Өзендерді кесіп өткенде, тіпті Бөген, Шаян өзендері ақпай қалатын. Бәйдібектің өзі жылқы малына жаны құмар, нағыз сыншы болған.

Бүгінде Бәйдібек ата кесенесі Қазақстанның киелі 100 нысанының қатарында, сондай-ақ Бәйдібек атаға арналған бірнеше ескерткіш бой көтеріп, баба әруағына құрмет көрсетілуде.

Сандуғаш Мамышқызы
Бөлісу: