Бахрейн атынан өнер көрсететін қазақ боксшысы БАӘ-дегі чемпионатта жеңіске жетті

11 Қыркүйек 2023, 12:29 1078

Бокстан Бахрейн құрамасының атынан өнер көрсетіп жүрген қандасымыз Азат Махметов Әбу-Дабиде өткен БАӘ Ашық чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Азат 54 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеді. Ол жеңіс жолында Әмірліктің екі былғары қолғап шеберін жеңген.  

Енді ол Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия ойындарында бақ сынайды.

Азат Махметов Қазақстан құрамасы сапына 2012 жылы алынды. Дегенмен командада бірінші нөмірлі боксшы атана алмай, 2021 жылы карьерасын аяқтаған. Сөйте тұра Бахрейн Корольдігі боксшыны қатарына қосып, бүгінде осы елдің атынан өнер көрсетіп жүр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: