Бағдат Мусин жер туралы заңға қандай түзету енгізілгенін түсіндірді

5 Сәуір 2023, 21:32 798

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жер қатынастары туралы заңға енгізілген өзгерістер туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі

Бүгін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Біздің Министрлік жер учаскелерін берудің ескірген ережелерін толығымен өзгертуді және оны электронды форматқа көшіруді талап ететін Заң жобасын әзірлеуге белсенді қатысты, сонымен қатар бұл процестің тиімділігін дәлелдеу қажет болды. Менің ойымша, біз барлығын ойдағыдай іске асыра алдық. Парламенттегі әріптестеріме алғыс айтқым келеді, өйткені Мәжіліс пен Сенаттағы жалпы отырыстарда көптеген сұрақтар көтеріліп, бұл заң жобасының маңыздылығы атап өтілді, - деп жазды Бағдат Мусин Facebook парақшасында.

Енді Заңның артықшылықтары мынадай:

Осы орайда, жобаның кезең-кезеңмен кеңейтілетінін атап өткім келеді. Биылдан бастап, жер телімін беру жөніндегі электронды форматқа 89 қаланың жері туралы деректер көшіріледі. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, аталған жобаны толыққанды іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап, жылжымайтын мүліктің бірыңғай кадастр жүйесін толық енгізгенге және сынақтан өткізгенге дейін, яғни, барлық мемлекеттік, оның ішінде жергілікті органдардың ақпараттық жүйелері жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша бірыңғай цифрлық форматта жұмыс істеуге дайын болғанға дейін Заң жобасын қолданысқа енгізу мерзімін кейінге қалдырудың көзделіп отырғаны маңызды, - деп жазды министр.

EL.KZ
Бөлісу: