Бағдат Мусин отбасындағы ерекше дәстүр туралы айтып берді

21 Қазан, 08:25 999

«Қазақтелеком» АҚ басшысы Бағдат Мусин әлеуметтік желіде отбасылық видеосын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

20 қазан күні экс-министр өзінің Instagram-дағы парақшасында ұлының домбыра шертіп отырған видеосын жариялады.

Балам жексенбі күнін күтіп, мектепте не үйренгенін бізге көрсетіп жатыр. Мақсат, бір жағынан, оның еңбегін бағалау болса, екінші жағынан, інісіне де үлгі көрсету. Мейлі, дәл қазір ұқпаса да, кейін домбыраның үнін бойына сіңіріп өседі. Қадір Мырза Әлі айтпақшы, «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра!» - деді Мусин.

Ол сонымен қатар күнделікті өмірде балаларға уақыт бөлуді ұмытпау керектігін де еске салды.

Күйбең тірліктің арасында балалармен уақыт өткізудің қаншалықты маңызды екенін ұмытып кетіп жатамыз. Біздің отбасымызда жақсы дәстүр бар - әр жексенбіні бәріміз бірге өткіземіз. Осы күнді асыға күтеміз. Сол себептен, біз үшін жексенбі - кішкентай мейрам, отбасылық мереке күні.

Сіздердің де үйде домбыра үні шырқалып, балалар асыр сап ойнап, ата-анаңыз олардың қылықтарына тоймай отыра берсін! Отбасымыз аман болсын! – деп жазды ол.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Bagdat Mussin (@bagdatmussin)

Зарина Арман
Бөлісу: