Backstreet Boys тобының мүшелері қазақтың бай мәдениетімен танысты. Мәселен, бүгін өнер иелері Астанада домбыра тартып үйренді, деп жазады El.kz интернет порталы.
Продюсер Мәлік Хасенов Instagram-парақшасында видео жариялады. Онда ол әртістермен бірге «Бәйтеректің» ішінде домбыра сабағын өткізіп жатқан сәт көрсетілген. Хасенов шеберлік сабағын жүргізсе, топ мүшелері ынта қойып тыңдап, аспаптың қыр-сырын меңгеруге тырысуда.
Айта кетерлігі, топтың бір мүшесі Ник Картер қазақтың дәстүрлі шапанын киіп шыққан.
«Алтын домбыра» мектебі және жаңа шәкірттер, – деп жазба қалдырды продюсер.
Бұған қоса, Хасенов музыканттардың «Дос Мұқасан» ансамблінің аңызға айналған «Той жыры» әнінің әуенімен түскен суреттерін де жариялады.