БАӘ нарығында қазақстандық тауарларға сұраныс арта бастады

Бүгiн, 11:19 209

Сауда министрі Арман Шаққалиев БАӘ-мен сауданы дамыту және қазақстандық өнімдерді экспорттау, оның ішінде қой еті, ұн, май және кондитерлік өнімдер туралы келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

2024 жылдың 10 айында қой етінің экспорты 13,3 мың тоннаны болып, оның жалпы құны 45,3 млн долларды құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көлем екі есе артты, экспорттық түсім 64%-ға артты, – деп атап өтті Министр.

Сондай-ақ Қазақстан халал сертификатын алу бойынша белсенді жұмыс істеуде, 1800-ден астам компания сертификаттаудан өтті.  

СИМ мәліметінше, отандық экспорттаушыларды қолдау және қазақстандық тауарларды LuLu, Grandiose сияқты ірі БАӘ сауда желілеріне шығару мәселелері талқыланды. Дегустация барысында өнімдер жоғары бағаланды.  

БАӘ-дің жылдық азық-түлік импорты 23 млрд доллардан асады — бұл қазақстандық өндірушілер үшін үлкен мүмкіндік.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: