БАӘ-дегі қазақстандық дипломат әйелін 10 жыл бойы қорлаған

6 Мамыр, 17:09 1979

БАӘ-дегі қазақстандық дипломаттың әйелі өзінің 10 жыл бойы күйеуінен қорлық көргенін айтып, мемлекеттен көмек сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Зорлық-зомбылық көрген әйелдің күйеуі Қазақстанның БАӘ-дегі төтенше және өкілетті елшісінің кеңесшісі болып қызмет атқарады.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі қазақстандық дипломаттың шұғыл түрде елге қайтарылатынын айтты.

Біз бұл қызметкерді Қазақстанға шұғыл қайтарып жатырмыз. Оның ісімен құқық қорғау органдары айналысады, - деп хабарлады СІМ.

Күйеуінен қысым көрген әйел өзінің ғана емес, туған әпкесі мен балаларының да басына қауіп төніп тұрғанын айтады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: