Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы өтіп жатыр

11 Тамыз 2022, 13:06 1267

Сот Атыраудағы №2 қалалық сотта өтіп жатыр

Атырауда облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгін, 11 тамызда Атырауда облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке және «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамовқа қатысты сот процесі басталды. 

Бақытгүл Хаменова мен Ақылбек Рысқалиевтың ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен тергелген. Ал, «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамов ҚР Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігімен тергеуге алынған. 

Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Бақытгүл Хаменова Абай ескерткішін орнатуға бөлінген қаражаттан пара алды деген күдікпен ұсталды. 

Бөлісу: