12.07.2022
11:34
2349
Бақытбек Есентаев бостандыққа шығады

Бақытбек Есентаев бостандыққа шығады

Бақытбек Есентаев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылады, деп хабарлайды El.kz Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Кәсіпкер Бақытбек Есентаев 2016 жылы бұрынғы әйелі, танымал актриса және продюсер Баян Есентаеваға (қазіргі Алагузова) қастандық жасағаны үшін 9 жылға сотталған. Есентаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуына жәбірленуші тарап та келіскені белгілі болды.