13.10.2022
18:14
2721
Бақыт Жаңабаев Президенттік кандидаттыққа ілікті

Бақыт Жаңабаев Президенттік кандидаттыққа ілікті

Бақыт Жаңабаев ҚР Президенттікке кандидат ретінде ілікті, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Орталық сайлау комииссиясының сайлау науқаны аясында өткен 15-ші отырысында айтылды. 

Бақыт Жаңабаев «Қазақстан футбол әуесқойлары лигасы» қоғамдық бірлестігінің атынан ҚР Президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды. 10 қазан күні Орталық сайлау комиссиясына өз құжаттарын өткізген болатын. 

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, ҚР Президенттігіне үміткер Бақыт Жаңабаев ҚР Конституциясына және ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңындағы талаптарға сәйкес келеді. Осыған байланысты арнайы хаттамаға қол қойылды.