Бағдат Мусин еліміздегі ІТ саласының дамуы туралы баяндады

28 Маусым 2022, 09:40 1942

Өткен жылы IT-нарығының көлемі 3,6 млрд АҚШ долларын құрады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкімет отырысында ІТ саласын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды El.kz

ІТ-экожүйесін дамытудың маңызды бөлігі – адами капитал. Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай кемінде 100 мың білікті IT маманын даярлау міндетін қойды. Өткен жылдың соңы бойынша 22 мыңнан 4 астам IТ-маман дайындалды. Ел өңірлерінде 3 IT-технопарк ашылды. 2021 жылы 7 жекеменшік инновациялық IT-мектебі ашылды. Осы жылы жаңа 4 мектеп ашылды. Балама білім беру ретінде өткен жылы 13 IT-мектепке 100 ваучер берілді. Биыл 3 мың ваучер ұсынылады. Жоғағы оқу орындарында ІТ білімінің сапасын арттыру үшін 14 ІТ факультеттерін профильдік IT-университеттермен интеграциялау жүргізілді, деді министр.

Оның айтуынша, ІT-экспорт соңғы екі жылда 2 есе өсімді көрсетті. 

Өткен жылы IT-нарығының көлемі 3,6 млрд АҚШ долларын құрады. Экспорты акселерациялау бағдарламасы шеңберінде 800 мың АҚШ долларына келісімшарттар жасалды. Отандық компанияларды сыртқы нарықтарда қолдау үшін 8 шет елде презентациялар көрсетілді, - деді Бағдат Мусин.

Министрдің мәліметінше, елімізге шетелдік IT-компанияларды көшіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. 

Қазірдің өзінде айтарлық нәтиже бар, бұл бағыттағы жұмыс өз жалғасын табады. Астана Халықаралық қаржы орталығында Экспат орталығының базасында «бір терезе» қағидаты бойынша шетелдік IT-мамандар үшін арнайы қызмет іске қосылды. Бүгінде 1 мыңнан астам IT маманына көмек көрсетілді, - дейді ведомство басшысы.

Бөлісу: