БҚО жазғы лагерде демалып жатқан Арыс қаласының мектеп оқушыларына Достық үйіне экскурсия ұйымдастырылды

17 Шілде 2019, 17:56 5428

Түркістан облысының Арыс қаласынан, Ресей Федерациясының Самара қаласынан және Бөрлі ауданының Ақсай қаласынан  келген балаларға  Батыс-Қазақстан облысының жазғы лагерлеріне демалысқа келген мектеп оқушыларына облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының Достық үйіне экскурсия ұйымдастырылды. 


Олар этномәдени бірлестіктердің кабинеттерін аралап көріп,  этностардың мәдениетімен және тұрмысымен  етене жақын танысты.


Сонымен қатар этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарлама  ұйымдастырды. Татар этномәдени орталығы және БҚО ҚХА «Аналар кеңесінің» тарапынан бағалы сыйлықтар табыс етілді.



Бөлісу: