Аймақтағы 6 мектепте бала саны тым аз. Шоңай ауылындағы бастауыш мектеп жабылса, Қарағанды ауылындағы орта мектеп негізгі болып қайта құрылды.
Мамандардың айтуынша, өңірде бір баланы мектепке дайындауға кететін шығын 37 мың теңгеден асады. Аз қамтылған отбасыларды қолдауға бюджеттен 127 миллион теңге бөлініпті.
Тамыз айында басталған «Мектепке жол» акциясы аясында 4 мыңнан аса оқушыға көмек көрсетілді. 19 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өткен.
Биылғы жылы бюджет есебінен 6 мектеп, жеке инвестиция есебінен 2 мектеп, КПО б.в. компаниясының әлеуметтік міндеттемесі аясында 15 шағын жинақты мектеп, төтенше жағдай салдарын жою шеңберінде 1 мектеп құрылысы жүргізіледі. Жыл соңында бюджет есебінен 6 мектеп пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 3 апатты жағдайдағы, оқушы орнының тапшылығы бар 2 мектеп және 3 үш ауысымды мектептердің мәселесі шешіледі - дейді облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Светлана Темірғалиева.