БҚО Ассамблеясы Елбасы Жолдауын талқылады

5 Ақпан 2018, 12:04 1305

Орал қаласында облыстық ассамблея активінің Елбасы Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа мүмкіндіктер» атты Жолдауын талқылауға арналған кездесуі өтті.

Іс-шараға облыстық ассамблея хатшылығы, облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сараптамалық топ, этномәдени бірлестіктер, Ақсақалдар кеңесі мен Аналар кеңесі, жастар қанаты, ҚХА кафедрасы, облыстық, қалалық Қоғамдық келісім кеңестері, қаладағы кәсіби және кәсіби емес медиаторлар және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов Жолдауда айтылған Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолында өңірде өнеркәсіптік кәсіпорындарды жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған іс-шаралардың қолға алынғанына және АӨК өнімнің экспортын ұлғайтуға басымдық берілгеніне тоқталып өтіп, «жасыл» технологияларды инвестициялау мен тұрмыстық қалдықтарды заман талабына сай утилизациялау және қайта өңдеу бағытында қолға алынған жобалар туралы айтып өтті. Ассамблея мүшелері мен этномәдени бірлестіктер өкілдерінің білім беру мен денсаулық сақтау салаларында, сондай-ақ Орал қаласында жүзеге асырылып жатқан «Смарт сити» жобасы аясында халықтың тұрмыс деңгейін жақсартуға бағытталған іс-шаралардан тыс қалмай белсенді үлес қосуға және Жолдауда айтылған келелі міндеттерді бірлесіп атқаруға шақырды.

БҚО ҚХА төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов, облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Нәжімеден Есқалиев, облыстық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Хамза Сафин, Ассамблеяның жастар қанатының жетекшісі Игорь Спиридонов, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің жетекшісі Данильбек Саратов, ҚазИТУ ғылыми-білім кешенінің бөлім басшысы Айболат Сейтақовтар сөз алып, Елбасы Жолдауының негізгі міндеттері туралы айтып, ауқымды тапсырмаларды жүзеге асыру жолдары мен оның басым бағыттарына тоқталды. Сондай-ақ, облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сараптамалық топ пен Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының мүшелерінен құралған сарапшылар пікірі тыңдалды. Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, қарар қабылданды.

Динара Есентаева,

zhaikpress.kz

Бөлісу: