Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 474-483 теңгеден сатылып жатыр, – деп хабарлайды El.kz.
Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар – 476-478 теңге.
Ал, Алматыда доллар бағамы – 478-483 теңге аралығында құбылып тұр.
10 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,80 теңгеге төмендеп, 478,46 теңге болған.
Ұлттық банктің 10 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 478,39 теңге.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,15 - 7,75 теңге аралығында саудаланып жатыр.