Бүгінгі күннің валюта бағамы

9 Қыркүйек 2022, 10:53 1248

Ұлттық банктің 9 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 477, 46 теңге

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 473- 479 теңге аралығында саудаланып жатыр, деп хабарлайды El.kz.

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 473 – 477 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 475 – 479 теңге аралығында құбылып тұр.

8 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4, 05 теңгеге қымбаттап, 477, 23 теңге болған.

Ұлттық банктің 9 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 477, 46 теңге.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,44 – 7,64 теңге аралығында саудаланып жатыр.


Бөлісу: