Бүгінгі күннің доллар бағамы

18 Тамыз 2022, 16:01 1168

Ұлттық банктің 18 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 476, 20 теңге

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді,– деп хабарлайды El.kz.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,31 теңгеге төмендеп, 1 доллар 475, 94 теңге болды.

Ұлттық банктің 18 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 476, 20 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 476 теңге, сатып алу – 479 теңге.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 473 теңгеден болса, сатып алу – 477

Ресей рублі 7,3- 7,5 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бөлісу: