«Бүгінде балет үшін жаралғанымды жақсы білемін» - Торғын Лебен

12 Қазан 2022, 11:29 3530

Торғын Лебен 4 жасынан бастап көркем гимнастикамен шұғылданған. 8 жасында нәзік те әсем болмысымен, жарқын талантымен Қазақ ұлттық хореография академиясы педагогтерінің назарына іліккен. Содан бері балет атты бекзат өнердің биігін бағындыру үшін талмай еңбектеніп келеді. Бүгінге дейін «Щелкунчик», «Роман бутона роз и мотылька», «Корсар», «Баядерка» атты балет қойылымдарында басты рөлдерді сомдаған. Ең басты жетістігі - 2022 жылы Хорватия астанасы Загреб қаласында өткен халықаралық байқауда алтын жүлдені иеленді. Сондай-ақ «Slovenska-2022» халықаралық балет байқауының кіші санаттағы алтын медаль иегері.

Бөлісу: