Бүгін ҚХА мүшесі Асылы Османның туған күні

13 Тамыз 2019, 10:28 3091

Асылы Осман 1941 жылы Грузияда туған.   

Еңбек жолын 1973 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып бастаған.

1973 - 1993 жылдары Тіл білімі институтында ғылыми қызметкер.

1993 - 1996 жылдары ҚР Министрлер Кабинеті жанындағы тіл комитетітінің Ұлт тілдерін дамыту басқармасының бастығы.

1996 жылдан ҚР ұлт саясаты жөніндегі мемлекеттік комитеті мемлекеттік тілді дамыту, терминология және ономастика жұмысы жөніндегі Бас басқармасының бастығы.

Мемлекеттік тілге құрмет бірлестігінің төрайымы, Мемлекеттік тіл қоғамдық қозғалысының төраға орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталған. «Парасат» және «Достық»  орденінің, «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл» медалінің иегері.  

Нұргүл ШАТЕКОВА
Бөлісу: