Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

28 Қыркүйек 2022, 07:29 1439

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын болады.

Қазгидромет 28 қыркүйекте болатын метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды El.kz.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), батысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, оңтүстік-шығыс аймақтың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Қазақстанның қалған бөлігі антициклон жотасында болады, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, батыста – найзағай, шаңды дауыл, солтүстікте – тұман, көктайғақ күтіледі.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу: