20.09.2022
08:25
2274
Бүгін Астанада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

Бүгін Астанада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

Бүгін, яғни 20 қыркүйек күні сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс берушілер ұсынған бос орындарға жұмыссыз азаматтарды орналастыру үшін жалпықалалық бос жұмыс орындарының кезекті жәрмеңкесі өткізіледі, деп хабарлайды EL.KZ.

Елорда әкімдігінің ресми сайтының мәліметіне қарағанда, жәрмеңкеге 50-ден астам жұмыс беруші қатысады.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жастар сарайы» МКҚК аумағында өтеді.
Мекен-жайы: Республика даңғылы, 34.