БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш бүгінгі таңда әлемде ядролық қақтығыс қаупі өте өзекті мәселеге айналып тұрғанын айтты, деп хабарлайды El.kz.
Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы "Бізге ортақ күнтәртібі" атты баяндамасында мәлімдеген.
– Геосаяси шиеленістер күшейе түсті. Ядролық қақтығыс қаупі соңғы онжылдықтағы ең жоғары шекке жетті, – деді Антониу Гутерриш.
Бұған дейін Ресей СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова Америка Құрама Штаттары одақтастарымен қоса тепе-теңдік орнатуда Ресеймен әскери қақтығыс шегіне дейін барып қоя жаздауда деп мәлімдеген.
Сондай-ақ Қытай әскери сарапшысы Сун Чжунпин Global Times газетіне берген сұхбатында Украинадағы жағдай Еуропадағы ядролық соғысқа әкеліп соғуы мүмкін екенін айтқан.
2 шілдеде Newsweek шолушысы Бонни Кристиан Ресей мен Америка Құрама Штаттары әскери іс-қимылдар аймағында тым жақын болғандықтан Сирияда өзара қақтығысуы мүмкін деп жазды.