Азық-түлік келісім шарт корпорациясына жаңа басшы тағайындалды

20 Тамыз 2022, 22:33 1259

Әр жылдары «ҚазАгро» холдингі, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-да жұмыс істеген.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен, Үкіметтің келісімі бойынша «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы лауазымына Асылхан Джувашев тағайындалды, деп хабарлайды El.kz.

Асылхан Джувашев 41 жаста. Әр жылдары «ҚазАгро» холдингі, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-да жұмыс істеген. 

Тағайындалғанға дейін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

«Сонымен бірге Азық-түлік корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына бұрын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-да жұмыс істеген Дархан Дәуітов тағайындалды. Ал бұған дейін «Отбасы банк» АҚ бірінші тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы директорының орынбасары қызметін атқарған Азат Әшімов ұлттық компанияның атқарушы директоры болды. Айта кетейік, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ның бұрынғы басшылығы Сапархан Омаров, Қанат Қараулов және Әсет Бектеміров өз еріктерімен қызметінен кетті», - делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында.

Бөлісу: