Азық-түлік бағасына арналған call-орталықтар құрылды

15 Қыркүйек 2022, 23:35 2718

Ұлттық статистика бюросының апта сайынғы деректері (ресми статистика).

Сауда министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының деректер талдау жүйесіне қоғамдық бақылауды қосады, деп хабарлайды EL.KZ.

Министрліктің мәліметіне қарағанда, осы мақсатта еліміздің барлық өңірлерінде азаматтардың өтініштерін қабылдау үшін арнайы call-орталығы құрылды.  

Қазіргі уақытта Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті 4 бағыт бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына (ӘМАТ) талдау және мониторинг жүргізуде:

1. Ұлттық статистика бюросының апта сайынғы деректері (ресми статистика).
2. Сауда Комитетінің аумақтық департаменттері жүргізетін ӘМАТ-қа баға мониторингінің деректері (үй маңындағы дүкендердегі және сауда базарларындағы бағаларды олардың құнын белгілей отырып іріктеп тексеру. Алынған деректер ресми статистика деректерімен салыстырылады).
3. Фискалдық деректер операторы (ФДО) арқылы баға мониторингі. ​(Фискалдық деректерге сауда объектілерінде орнатылған онлайн-кассалық аппарат қалыптастыратын барлық чектер мен есептер жатады. ФДО көмегімен ӘМАТ тауарларының сатып алу қабілеті мен бағасы зерттеледі).
ӘМАТ-қа бағаның көтерілуіне тап болған азаматтардың өтініштерін есепке алу және деректерді талдаудың дұрыстығын арттыру мақсатында үй жанындағы дүкендерде, базарларда, супермаркеттерде және басқа да ұйымдасқан сауда орындарында сауда және интеграция комитетінің жанынан call-орталық құрылды.

Өтініштерді қабылдау үшін телефон нөмірлері және Үкімет қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі қоса беріледі.

Хабарламаларды қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұмаға аралығында сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін.

Жұмыс күндері және демалыс күндері азаматтар әлеуметтік желілердегі СИМ аккаунттарында пікірлер бөлімінде өтініштерін қалдыра алады:

Facebook: https://www.facebook.com/mtiqz
 
Instagram: https://instagram.com/sauda_inform?igshid=YmMyMTA2M2Y=

Келіп түскен барлық өтініштер бойынша жедел тексерулер ұйымдастырылады. ӘМАТ-қа белгіленген сауда үстемесінің мөлшерінен 15% асып кету фактілері анықталған жағдайда, материалдар одан әрі әкімшілік шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін болады.

1-ші сұрыпты ұн,
1-ші сұрыпты ұннан жасалған нан (формалы),
түтік кеспе (өлшеніп сатылатын),
қарақұмық (өлшеніп сатылатын),
күріш (дөңгелек дәнді, өлшеніп сатылатын),
картоп,
сәбіз,
пияз,
қырыққабат,
құмшекер,
күнбағыс майы,
сиыр еті (сүйектері бар жауырын-төс бөлігі),
тауық еті (сан және жіліншік сүйегі),
жұмсақ қаптамадағы сүт, майлылығы 2,5% ,
жұмсақ қаптамадағы айран, майлылығы  2,5%,
сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%)
тауық жұмыртқасы (I санаты),
ас тұзы ("Экстра"-дан басқа)
сүзбе 5 – 9% майлылығы).

EL.KZ
Бөлісу: