ҚазМұнайГаздың қазақстандықтарға ай сайын 117 мың теңгеден төлейтіні рас па?

19 Қыркүйек 2022, 16:28 803

Бұл туралы ескерту «ҚазМұнайГаз» АҚ ресми сайтында жарияланған

Алаяқтар қазнетте тағы да белсенді науқан жүргізіп жатыр. Бұл жолы әлеуметтік желі пайдаланушыларына «ҚазМұнайГаз» компаниясының қазақстандықтарға ай сайын 117 мың теңгеден төлеуге міндеттелгені жайлы хабарландыру ұсынылады. Бұл жалған, деп хабарлайды El.kz Stopfake ресурсына сілтеме жасап.

Жарнамаға сәйкес, төлем алу үшін әуелі компанияға 110 мың теңге салу қажет. Мұның бәрі - алаяқтардың ісі. 

Бұл туралы ескерту «ҚазМұнайГаз» АҚ ресми сайтында жарияланған. 

– Қазіргі уақытта алаяқтар арнайы сайт, қосымша және әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, солар арқылы жарнама таратып, қазақстандықтарға «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына инвестиция құюды ұсынады. Нәтижесінде, алаяқтар мұнай мен газ сатудан тез пайда табуға болады дейді. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Қазақстан азаматтарының қаражатын инвестициялық жобаларға тартпайтынын мәлімдейді. Таралған жарнама жалған және алаяқтық сипатқа ие. Қазақстандықтардан қырағы болуды және тек ресми дереккөздерге ғана сенуді сұраймыз, – делінген порталда. 

Сондай-ақ мәтінде компанияның қызметі туралы барлық ақпаратты YouTubeFacebookInstagramTelegram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалардан алуға болатыны айтылған.

Алаяқтар бұған дейін де қазақстандықтарға ірі компаниялар атынан төлем жасалады деп хабарлаған болатын. Мұндай жарнамалық хабарламалар ірі банктер мен криптобиржалардыңатынан тараған.


Бөлісу: