Азия пара ойындары: Қазақстан қай орында келеді

23 Қазан 2023, 16:33 985

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында Қазақстан медаль кестесінде жағдайын жақсартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бір күнде екі алтын және бір қола медаль алған құрамамыз жетінші орынға жайғасты. Бұған дейін Давид Дегтярев (парапауэрлифтинг) пен Ақмарал Науатбек (парадзюдо) жеңімпаз атанғанын жазғанбыз. Осы арқылы Қазақстан 10- орыннан 7-орынға көтерілді.

Қоржынымызда екі алтыннан бөлек екі күміс және үш қола медаль бар.

Алғашқы үштікке Қытай (17-17-11), Иран (6-5-3) және Үндістан (5-6-4) енген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: