Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия Ойындарына қатысатын Қазақстан дзюдо құрамысының ерлер санатындағы спортшылары анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
Уақытынан бір жылға кешіктіріліп өткелі отырған Сары құрлық Ойындарында қазақ татами шеберлері сақадай сай екенін атады. Дзюдодан ерлер құрамасы сапында Мағжан Шамшадин (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Данияр Шамшаев (73 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Дидар Хамза (90 келі), Нұрлыхан Шархан (100 келі), Ғалымжан Қырықбай (100 келі) татамиге шығып, өз шеберліктерін дәлелдемек.
Аталған Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Құрлық Олимпиадасы саналында сында спорттың 40 түрінен медальдар жиынтығы өз иелерін таппақ.