30.09.2023
05:22
1194

Азия ойындары: Құрама қоржынына жеңіл атлетикадан алғашқы жүлде түсті

Қазақстандық Каролин Чепкоеч Кипкируи 10 шақырымға жүгіруден Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол белгіленген қашықтықты 33:15.83 секундта жүгіріп өтті. Нәтижесінде мәре сызығын бірінші болып қиды.

Аталған қашықтықта бахрейндік Виола Джепчумба Килонзо Мотосио (31:43.73) чемпион атанса, жапониялық Ририка Хиронака (31:50.74) екінші орын алды.

Қазірге дейін қазақстандық спортшылар Азия ойындарында 26 медаль еншіледі. Олардың 3-і алтын, 4-і күміс, 19-ы қола.