Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан ұлдар және қыздар құрамасы жағажай волейболынан жартылай финалға жолдама алды, деп жазады El.kz интернет порталы.
Ұлттық құрама ширек финалда Қатарды 2:1 есебімен жеңді. Жартылай финалда Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш Индонезия құрамасына қарсы ойнайды.
Ал Гаяна Галаш және Мерей Қожахмет Мальдив құрамасын 2:0 есебімен жеңді. Жартылай финалдағы қарсыластары кейінірек анықталады.