27.10.2025
14:07
1272
Азия ойындары: Қазақстан таеквондошылары 5 медаль жеңіп алды

Азия ойындары: Қазақстан таеквондошылары 5 медаль жеңіп алды

Таеквондодан Қазақстан құрамасы жасөспірімдер Азия ойындарын бес медальмен аяқтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қазақстандық таеквондо шеберлері III жасөспірімдер Азия ойындарында екі алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп, нәтижелі өнер көрсетті.

Алтын медальдардың иелері: Айым Серікбаева (44 кг дейін) мен Евгений Васенкин (55 кг дейін).
Күміс жүлдегерлер – Жанайбек Шамұратов (73 кг дейін) пен Нұрәлі Махмұт (63 кг дейін).
Құрама қоржынына қола медальмен Бунияд Бахрамкулов (48 кг дейін) толтырды.

Бұл ойындар 2025 жылдың 19–31 қазан аралығында Бахрейн астанасы Манама қаласында өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде Қазақстанның намысын 220 өрен қорғауда. Барлығы бұл ойындарға 45 елден шамамен 8000 жуық спортшы қатысуда.