Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында стенд атудан скит бағдарламасы бойынша жекелей сында Әсем Орынбай қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Отандасымыз финалда 45 мәрте нысананы дәл көздеді. Алтын мен күміс медаль Қытай құрамасы спортшыларының еншісінде кетті. Тағы бір ұлттық құрама мергені Ольга Панарина ақтық сында 4-орын алды (34 ұпай).
Ханчжоу-2022. Стенд ату, скит (жекелей сын, әйелдер):
1.Ютинг Жианг (Қытай) — 57 ұпай
2.Жинмей Гао (Қытай(— 55 ұпай
3.Әсем Орынбай (Қазақстан) — 45 ұпай
4.Ольга Панарина (Қазақстан) — 34 ұпай
Айта кетейік, Әсем Орынбай санаулы уақыт бұрын дәл осы бағдарлама бойынша командалық бәсекеде чемпион атанған еді.
Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.