04.09.2023
23:44
1562
Азия чемпионатында Қазақстан волейболшылары Үндістанды жеңді

Азия чемпионатында Қазақстан волейболшылары Үндістанды жеңді

Таиландтың Накхонратчасима қаласында өтіп жатқан волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы Үндістаннан басым түсті, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық волейболшылар плей-офф сатысында Үндістаннан 3:0 (25:17, 25:17, 25:21) есебімен тізе бүктірді.

Бұдан бұрын олар жарыстың аталған сатысында Жапонияға 0:3 (13:25, 20:25, 18:25) есебімен есе жіберген еді.

Енді ел құрамасы 5-8 орындар үшін сынға түседі. Алдымен 5 қыркүйекте Австралиямен кездеседі. Жеңсе 6 қыркүйекте одан кейін 5, жеңілген жағдайда 7 орын үшін таласады.