11.07.2025
11:08
10025
Азия чемпионаты: отандық «классиктер» екі алтын медаль алды

Азия чемпионаты: отандық «классиктер» екі алтын медаль алды

9-10 шілде аралығында Бішкек (Қырғызстан) қаласында грек-рим күресінен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық балуандар төрт медальға қол жеткізді. Оның екеуі алтын.

87 келіге дейінгі салмақта Темірлан Тұрдақын жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді. Сондай-ақ 82 келіге дейінгі салмақта Диас Сейітқалиев жастар арасында Азия чемпионы атанды.

Ал 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Омар Дүйсенбек күміс жүлдеге ие болса, 55 келіге дейінгі салмақта белдескен Мұсан Ерасыл қола жүлдемен жарысты аяқтады.