30.03.2025
19:11
839
Азия чемпионаты: Нұрқожа Қайпанов финалға шықты

Азия чемпионаты: Нұрқожа Қайпанов финалға шықты

Еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының алтын медалі үшін күресетін болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық балуан 74 келіге дейінгі салмақта сәтті өнер көрсетті.

Нұрқожа жартылай финалда ирандық Мохаммад Реза Шакериді 6:1 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетейік, финалдық белдесулер Астана уақытымен 20:00-де басталады.