Азия чемпионаты: Махмұд Сабырхан алтын үшін таласады

Азия чемпионаты: Махмұд Сабырхан алтын үшін таласады

54 келі салмақтағы боксшымыз Махмұд Сабырхан Азия чемпионатында алтын үшін жұдырықтасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Отандасымыз Таиланд боксшысын тізе бүктіріп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Есеп - 5:0. 

Махмұд Сабырханның финалдағы қарсыласы әзірге белгісіз. Спортшының кім екені Украина-Өзбекстан боксшыларының кездесуінен соң анықталады.