Азиада. Әйелдер құрамасынан төртінші боксшы жеңіліс тапты

30 Қыркүйек 2023, 19:49 742

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында боксшы Валентина Хальзова жарысты аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отандасымыз 75 келіге дейін салмақта қытайлық Ли Киянмен кездескен. Төрешілер шаршы алаң иесінің қолын көтерді. Осылайша, әйелдер құрамасынан төртінші боксшымыз жарысты аяқтады. 

Бұған дейін Римма Волосенко, Назым Қызайбай, Жайна Шекербекова жеңіліс тапқан еді.

Берік Арманов
Бөлісу: