29.09.2023
19:00
1200
Азиада-2023: Семсерлесуден ерлер құрамасы күміс медаль иеленді

Азиада-2023: Семсерлесуден ерлер құрамасы күміс медаль иеленді

Семсерлесуден сапында Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерік Сартай, Вадим Шарлаимов бар Қазақстанның ерлер құрамасы Азиада-2023 күміс медалін жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Финалда еліміздің спортшылары Жапония командасынан ұтылды. Қорытынды есеп – 36:35.

Бұл Азия ойындарындағы Қазақстан командасының семсерлесудегі үшінші медалі. Кеше еліміздің спортшылары командалық жарыста қола жүлдеге ие болған еді.

Кеше семсерлесуші Эльмир Әлімжанов жекелей сында үшінші орынға табан тіреді.