«Ажырасқан соң өмір тоқтап қалмайды». Жанна Уразбахова жеке өмірі туралы алғаш рет айтты

15 Тамыз, 17:45 6886

Салтанат Нүкенованың отбасының қорғаушысы Жанна Уразбахова «Мамский әңгіме» youtube-арнасына берген сұхбатында жеке өмірі туралы сыр шертті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Адвокаттың алғашқы некедегі күйеуінен екі баласы бар болып шықты.

Үш балам бар. Мұны алғаш рет осы сұхбатта айтып отырмын. Алғашқы некедегі күйеуіммен ешқандай айқай-шусыз ажырастық. Екеуміз бірге 11 жыл өмір сүріппіз. Біздің көзқарасымыз екі түрлі болды, болашақты да екеуміз екі көзқараспен қарайтын едік. Ол кезде қызымыз 11-де, ұлым 4 жаста болды. Балаларымның бізді үнемі шаршаңқы, ештеңеге көңілі толмайтын, бақытсыз, ұрысқақ түрде көргенін қаламадым, - дейді қорғаушы.

Ол балалары әкелерін қатты жақсы көретінін, бірге жиі уақыт өткізетінін айтты.

Үшіншіме аяғым ауыр кезде реанимацияға түсіп қалдым. Сол кезде балалар әкесінің қасында болды. Мұның бәрі қалыпты, дұрыс қарым-қатынас деп ойлаймын, - деді ол.

Жанна Уразбахова екінші күйеуіммен құрбысы ұйымдастырған мерекелік шарада танысқан.

Бізде нағыз махаббат деп айтар едім. Балаларым күйеуімді досындай көреді. Күйеуім өте жомарт. Қуанғанымды көру үшін соңғы дүниесін қиюға әзір, - деді ол.

Оның сөзінше, ажырасудан кейін өмір тоқтап қалмайды. Әрбір жан бақытты болуға лайық.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: