Ажырасқан әйелдерді «қоғамның соры» деген тілшінің жолына ескерту белгілері қойылды

6 Қыркүйек 2023, 16:00 2499

Алматының қоғамдық орындарында ажырасқан әйелдерді «қоғамның соры» деп атаған белгілі журналист Меруерт Әйтенованың жолына ескерту белгілері қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Осылайша, «Жаңа адамдар» жастар қозғалысының белсенділері журналистің жанында ажырасқан әйелдер болуы мүмкін екенін ескерткісі келді. Себебі қоғамда қандай да бір себептермен некені бұзуға шешім қабылдаған қыздардың болуы Әйтеноваға моральдік зиян тудырады.

Естеріңізге сала кетсек, бұл туралы Меруерт Әйтенова «Еуразия» арнасындағы «Көреміз» телебағдарламасында айтқан еді. 

Ажырасқан әйел - бақытсыз әйел, бақытсыз ана. Егер бәріміз жеңіл өмірді қалап, күйеуімізге көнбей, миымыз ағып кете беретін болсақ, не болады? Сендер, мына ажырасқан әйелдер, қоғамның сорысыңдар. Мен жеке өзім ажырасқан әйелдерді жек көремін. Олардың қасында отырғым келмейді. Мен сияқты миллиондаған әйел бар. Отбасын ұстап, қандай күйеу болса да көніп отыр. Олар ажырасқан әйелдермен бір дастарханда отырғысы келмейді, - деді ол.

«Жаңа адамдардың» белсенділері Алматы қаласы бойынша Меруерт Әйтенова «қоғам сорыларына» тап болмас үшін ескерту белгілерін жапсырды. Белгілер саябақтарда, қоғамдық көліктерде, сауда орталықтарында, вокзалда, Алматының бірқатар мекемелерінде пайда болды. Жүргізілген әлеуметтік сауалнама Алматы тұрғындарының журналист Әйтеновамен түбегейлі келіспейтінін және ажырасу әлемнің соңы емес, кейде қиын өмірлік жағдайдан шығудың жалғыз жолы деп санайтынын көрсетті. Қазақстанның кез келген тұрғыны өз бақытына толық құқылы, ол отбасын құруда да көрініс табуы мүмкін. Алматылықтар осылайша журналистің пікірін дұрыс емес деп есептейтінін жеткізді.

Жаңа адамдар мұндай әрекетімен Меруерт Әйтеноваға мынадай ескерту жасағысы келді.

Әйтенова ханым, «үйленген» деген мәртебені ресми түрде сақтау үшін ендігі қуаныш әкелмейтін қарым-қатынасқа «шыдауыңыз» керек болса, бұл сіздің жеке таңдауыңыз. Шыдаңыз, бірақ оны барлық қазақстандықтарға міндеттеуге болмайды. Әлемде ажырасу бойынша екінші орында тұрған елде осындай мәлімдемелер жариялау миллиондаған адамдарды қорлаумен тең. Өркениетті қоғамда мұндай нәрсе үшін кешірім сұрап, теледидар мен желіде көпшілік алдында «көрінбей» кетеді. Бірнәрсе айтпас бұрын ойланыңыз, - дейді «Жаңа адамдар» жастар қозғалысының белсенділері.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: