Ажар Ғиният Үндістан елшісімен кездесу өткізді

26 Қаңтар, 20:21 980

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үндістанның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нагендра Прасад мырзамен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметіндеоның барысында фармацевтика өнеркәсібі мен вакцина өндірісін қоса алғанда, өзара ынтымақтастықтың бірқатар бағыттары талқыланды.

Ведомство басшысы әңгіме басында денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан-Үндістан ынтымақтастығының стратегиялық рөлін атап өтті.

А. Ғинияттың айтуынша, көптеген жылдар бойы екі елдің білім беру саласындағы байланыстары нығайып келеді. Бұл Үндістаннан келген студенттерді Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарында оқытуға қатысты, онда қазір шарттық негізде 7524 шетелдік азамат білім алуда.

Үнді өндірушілері Қазақстан нарығына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізуде сенімді әріптес болды: біздің елімізде 1037 ДЗ атауы және 239 МБ атауы  тіркелді.

ҚР-да профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесі шеңберінде Үндістанда өндірілген вакциналар мен басқа да иммунобиологиялық препараттар қолданылады.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният әртүрлі бағыттардағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы жалпы оң серпінді атап өтіп, әріптестік және достық байланыстарды одан әрі нығайтуға шақырды.

Өз кезегінде Нагендра Прасад мырза қазақстандық тарапқа қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, іске асырылып жатқан бастамалар мен уағдаластықтардың табыстылығына сенім білдірді.

Тараптар сондай-ақ Үндістанның корпоративтік ауруханаларының Қазақстанда ауруханалар құру және пайдалану үшін қазақстандық жеке немесе мемлекеттік сектормен ынтымақтастық мүмкіндіктерін, қазақстандық университеттерде Үнді студенттерін оқытудың кейбір аспектілерін талқылады.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: